«Түркия турына» қатысатын Astana Pro Team командасының құрамы белгілі

«Түркия турына» қатысатын Astana Pro Team командасының құрамы белгілі

Astana Pro Team командасының «Түркия туры» көпкүндігіне қатысатын құрамы белгілі болды, деп жазады ProSports сайты.

10 қазан күні бастау алатын веложарыс 5 күнге созылады. Дүбірлі додаға елордалық Astana Pro Team командасы да бақ сынайды. Атап айтқанда олар: Жандос Бижігітов, Сергей Черненцкий, Риккардо Минали, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев және Андрей Зейц.

Astana Pro Team велокомандасың өзге белді шабандоздары «Ломбардия турында» өнер көрсетіп жатқанын айта кеткен жөн.

53-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған халықаралық жарысқа елордалық ұжымнан бөлек Италия, Испания, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия сияқты елдерден 12 команда қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или