Футзалдан Қазақстан студенттер құрамасы Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Бүгін Қытайдың Лингву қаласында футзалдан студенттер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Кайрат Кульбараковтан тәлім терген Қазақстан студенттер құрамасы турнирде сәтті өнер көрсетті.
Біздің студенттер құрамасы топтық кезеңде Моңғолия (5-1) мен Малайзия құрамасын (3-1) жеңіп, Ираннан (2-3) жеңіліп өз тобында екінші орын болғанымен плей-офф кезеңіне шыға алды.
Жартылай финалда отандастарымыз «А» тобында топ жарған Оман студенттер құрамасымен кездесті. Өкінішке орай тартысты өткен ойында жерлестеріміз 7-5 есебімен қарсыластарына есе жіберді.
Ал үшінші орын үшін өткен ойында Қазақстан студенттер құрамасы Қытаймен кездесіп 4-2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан студенттер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған студенттер құрамамыз алматылық «Қайрат» пен талдықорғандық «Жетісу» командасының ойыншыларынан құралғандығын айта кетейік.