Бала күніне арналған велошеруге спортшылар мен алматылықтар қатысты

Бала күніне арналған велошеруге спортшылар мен алматылықтар қатысты

Бүгін алып шаһарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала күніне арналған велошеру өтті, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

600-ден әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастап Тұңғыш Президент саябағына дейін созылған 9 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Олардың арасында Санатәлі және Саматәлі Төлтаевтар -  бокстан жастар арасында Азия чемпиондары; Айгүл Дүкенбаева – спорттық акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері; Руслан Либиров – ушудан жазғы Универсиада-2017 ойындарының күміс жүлдегері велошеруге қатысты.

- Мен велосипедпен жүрмегелі көп болды. Бала кезімде жиі тебетінмін, ал қазір жаттығулардан қол босамайды. Бірақ бүгінгі велошеру өте керемет болды, маған ұнады. Алдағы уақытта да қатысамын деген ойдамын. Барлық алматылықтарды қала күнімен құттықтаймын! – деді Руслан Либиров.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылып, «Office air» компаниясының атынан сертификаттар таратылды. Сонымен қатар Mad Kings Crew би командасы өз өнерлерін ортаға салып, велошабандоздарға көтерінкі көңіл күй сыйлады.

- Мен алматылық велошерулерге басталғаннан бері қатысып келемін және жібермеуге тырысамын. Маған велосипедпен жүрген өте ұнайды. Жұмысқа да велосипедпен барамын.  Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Велосипед ұтып алғаныма өте қуаныштымын, - деп велосипед ұтып алған Жеңісгүл Оспанова өз ойымен бөлісті.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он сегізіншісі болып саналады.

 

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или