Какау: «Интерге» қарсы ойын өте қызық болмақ

Какау: «Интерге» қарсы ойын өте қызық болмақ

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері испаниялық командаларға қарсы өтетін жолдастық кездесулр туралы айтып берді.

«Интерге» қарсы ойын өте қызық болмақ. Испаниялық команда өз жанкүйерлер алдында бар күшін салады. «Интердің» Еуропадағы үздік ұжым екенін ұмытпайық. Не болса да, біз бар күшімізді көрсетуге тырысамыз. Сондай-ақ, «Каха Сеговия» мен «Сарагоса» да мықты клубтар. Бұл ойындарды өте асыға күтіп жүрміз. Испаниядан оралған соң 70 пайызға жаңа маусымға дайын боламыз», - деді Какау.    

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» Испанияда бірқатар жолдастық матчтар өткізеді. 30-шы тамыз күні алматылық ұжым УЕФА кубогының иегері «Интермен» күш сынасады. Артынша, «Каха Сеговия» және «Сарагосамен» кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или