Суперкубок ойындары қашан өтеді?

Суперкубок ойындары қашан өтеді?

Бірінші ойын Рудный қаласында 16 қыркүйекте, ал қарымта кездесу Алматы қаласында 20 қыркүйекте өтеді. Айта кететін жайт, бұл финалдық бәсекеден кейін футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулер өткізу үшін Әзірбайжанға аттанады. Ол ойындар қыркүйектің 23, 24 күндеріне белгіленген.

Естеріңізге салайық, алматылық «Қайрат» қазіргі таңда ел чемпионы, ал «Аят» Суперкубоктық ойынға ел біріншілігінің күміс жүлдегері ретінде қатысады. 

Сонымен қатар, «Қайраттың» үш дүркін Суперкубок иегері екенін айта кетейік. Жалпы бұл кубок бес рет сарапқа салынған. Соңғы рет аталмыш сайыс 2014 жылы өткен. Ол теке-тіресте «Қайрат» пен «Тұлпар» арасында мықты бәсекелестікпен аяқталған. Мәселен, бірінші ойында алматылық клуб 4:3 есебімен басым болса, екінші ойында қарағандылық ұжым 5:4 есебімен жеңіске жеткен. Ал қос ойынның қорытындысы бойынша қонақта көп гол соққан Какау шәкірттері топ жарған еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или