Алматыда түнгі велошеру өтеді
Шілденің 22-і күні «Спорттық Алматы» жобасы аясында алып шаһарда екінші түнгі велошеру өтеді.

Әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында 20:30-да жиналып, ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік беретін нөмірлер таратылады. Ал 21:00-де велошеру қатысушылары Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысынан бастап, тұңғыш Президенті саябағына дейін жүретін болады. Жалпы велошабандоздар 9 шақырым қашықтықты бағындырады.

Мәреде қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылып, әдеттегідей, спортшылардың бірі басты сый, велосипед ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатынын ескертеді.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он үшіншісі болмақ.