Алматыда екінші түнгі велошеру өтеді

Алматыда екінші түнгі велошеру өтеді

«Спорттық Алматы» жобасы аясында Алматыда екінші түнгі велошеру жоспар бойынша белгіленді.

Екінші түнгі велошеру 22 шілде күні өтеді. Шараға қатысушылар 20:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік беретін нөмірлер алады. Ал 21:00-де велошеру әуесқойлар Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысынан бастап, тұңғыш Президенті саябағына дейін жүретін болады. Жалпы велошабандоздар 9 шақырым қашықтықты бағындырады. Мәреде қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылып, әдеттегідей, спортшылардың бірі басты сый, велосипедті ұтып алады.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он үшіншісі болмақ.

Еске сала кетейік, бірінші түнгі велошеруге 3 мыңға жуық алматылық қатысты. Велшеру күні жолдар жартылай жабылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или