Ару жалпы есепте екінші орынға сырғыды

Ару жалпы есепте екінші орынға сырғыды

181.5 шақырымға созылған «Тур де Франстың» 14-кезеңі мәресіне жетті.

Кезең жеңімпазы «Sunweb» командасынан шабандозы Майкл Мэттьюс. Екінші болып ВМС командасынан Грег ван Авермат келсе, үшінші «Dimension Data» ұжымының велошабандозы Эдвальд Боассон Хаген келді.

Жалпы есепте 14-кезеңнің алдында көш бастап тұрған «Астана» капитаны Фабио Ару бұл кезеңде мәре сызығын тек отызыншы болып кесті.

Бұл көрсеткіші оның жалпы есептегі орнына да әсер етті. Қазақстандық команданың капитаны жалпы есепте Кристофер Фрумды алға жіберіп екінші орынға жайғасты.

«Тур де Франс». 14-кезең
Бланьяк — Родез, 181.5 шақырым

1. Майкл Мэттьюс (Австралия, «Sunweb») — 4:21:56
2. Грег ван Авермат (Бельгия, ВМС)
3. Эдвальд Боассон Хаген (Норвегия, «Dimension Data») — +0:01

30. Фабио Ару (Италия, «Астана») — +0:26

Жалпы есеп:

1. Кристофер Фрум (Великобритания, «Sky») — 59:52:09
2. Фабио Ару (Италия, «Астана») — +0:18
3. Ромен Барде (Франция, AG2R) — +0:23.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или