«Тур де Франс». Ару жалпы есепте екінші орынға көтерілді
Бүгін «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 9-шы кезеңі аяқталды.
Жалпы есепте екінші сатыда жайғасқан британиялық Герант Томас жарақатына байланысты жарысты аяқтауға мәжбүр болды. Осылайша, 9-шы кезеңде мәреге төртінші келген <span>«</span>Астананың<span>»</span> капитаны Фабио Ару жалпы классификацияда екінші орынға көтерілді. Ал аталмыш кезеңді колумбиялық Ригоберто Уран жеңіп алды. Франциялық Варран Барги - екінші. <span>Көш бастап тұрған Кристофер Фрум болса үздік үштікке ілінді. </span>
«Тур де Франс». 9-шы кезең
Нантюа — Шамбери. 181.5 шақырым
1. Ригоберто Уран (Колумбия, Cannondale-Drapac) 5:07:22
2. Варран Барги (Франция, Sunweb)
3. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky)
…
4. Фабио Ару (Италия, «Астана»)
5. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана»)
Жалпы классификация
1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) 38:26:28
2. Фабио Ару (Италия, «Астана») + 0:18
3. Роман Барде (Франция, AG2R La Mondiale) + 0:51
4. Ригоберто Уран (Колумбия, Cannondale-Drapac) +0:55
5. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») +1:37