Алматыда өткен 100-ші велошеруге 500-ден аса адам қатысты

Алматыда өткен 100-ші велошеруге 500-ден аса адам қатысты

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтті. Бұл спорттық іс-шара Алматы шаһарындағы велошерулердің 100-сі болғандықтаң қатысушылардың да саны көп болды.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып ҚР мемлекеттік орталық мұражайында аяқталған 12 шақырымдық қашықтықты 500-ден аса қала тұрғындарымен қонақтары бағындырды. Оладрын арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатып, флешмоб ұйымдастырылды. Басты сыйлық- велосипедттің иегері болып, велошеруге алғаш рет қатысқаг Захир Муллаев атанды.

- Біз досымыз екеуіміз бүгінгі велошеруге бірінші рет қатысып отырмыз, осындай сыйлық аламын деп еш уақытта ойлаған емеспін. Өте ризамын, бұл өте керемет спорттық шара екен, барлығы жақсы өтті.Сіздерге деген алғысымыз шексіз, алдағы уақытта қатысып отыратын боламыз, - деп өз ойымен бөлісті Захир.  

Айта кету керек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он біріншісі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или