Алматыда 100-ші велошеру өтеді

Алматыда 100-ші велошеру өтеді

Шілденің 9-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтеді. Бұл спорттық шара алып шаһарда өтіп тұратын велошерулердің 100-ші болмақ.

Әдеттегідей, әуесқойлар таңғы сағат 8:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңына жиналып, ұйымдастырушылардан нөмерлер алады. Сол нөмерлер арқылы олар мәреде ойнатылатын лотореяға қатысып, бағалы сыйлықтардың иегерлері атануға мүмкіндіктері бар. Осы жолғы велошеру Әл-Фараби даңғылынан басталып мемлекеттік орталық мұражайында аяқталады. Қатысушылар жалпы 12шақырымдық қашықтықтыбағындырады. Мәреде әуесқойлар арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатын болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он біріншісі болып саналады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или