Луис Леон Санчес «Астана» велокомандасымен келісімін ұзартты
Аstanaproteam.kz сайтының мәліметтеріне сүйенсек, испаниялық велошабандоз Луис Леон Санчес елордалық клубпен жаңа келісімшартқа отырды.
33 жастағы спортшы екі жылдық келісімге қол қойды.
Естеріңізге сала кетсек, Леон Санчес «Астанаға» үш жыл бұрын ауысқан болатын. Луис кәсіби карьерасында «Тур де Франстың» төрт кезеңін жеңіп, «Классике Сан Себастьян», «Париж – Ницца» және «Тур Даун Андер» веложарыстарында топ жарған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или