Қазақстан құрамасы Португалияны ойсырата ұтты
Бүгін мини-футболдан Чехияның Брно қаласында әуесқойлар арасында Еуропа чемпионаты басталады.
Топтық кезеңнің алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Португалия командасымен күш сынап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жерлестеріміздің сапынан Тайбасаров көзге түссе, Мұрат Ахметшарипов дубльдың авторы атанды.
Естеріңізге салайық, былтыр дәл осы турнирде «Есіл» командасы еліміздің намысын абыроймен қорғап, Еуропа чемпионы атанған еді.
Айта кетейік, ертең жерлестеріміз Греция командасымен кездеседі. Қазақстан – Греция кездесуін «Kazsport» телеарнасы сағат 22:55 тікелей эфирден тамашаласаңыз болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или