Шомко: Команда 100 пайызға дайын

Шомко: Команда 100 пайызға дайын

Қазақстаy құрамасының қорғаушысы Данияға қарсы ойынға дайындық жайлы айтып берді. 

- Команда 100 пайызға дайын. Бәрі жақсы, біз жанкүйерлерді қуантқымыз келеді. Қазақстан құрамасы Алматыда ойнамағалы көп уақыт өтті. Бәрінің көргісі келетін футболды ойнауға тырысамыз. 

 - Эриксонға қарсы қалай ойнайсыз?

 - Бос кеңістік бермеуге тырысамыз.

- Дания құрамасының шабуылы жайлы айтып өтсеңіз...

- Қарсылас алысқа пас беріп ойнайды. Эриксон допқа жиі иелік етеді. Оларға бұлай ойнауға мүмкіндік бермеу керекпіз. 

- Астанада сіздер жасанды шөпте, ал Алматыда табиғи шөпте ойнайсыздар. Бұл сіздерге кедергі келтірмей ме?

- Табиғи шөп ойынға еш кедергі келтіре алмайды. Біз осындай алаңда жаттығу өткіздік.

- Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы Сергей Остапенко Данияның жеңісіне сенімді екенін айтты. Команданың бұл сөзге әсері қалай болды?

- Бұндай сөзді қалай айтуға болатынын түсінбеймін. Бұл адам құрамада ойнады. Бұл сөздер өз ұятына қалсын.  

- Неге құрама соңғы минуттарда гол жібереді?

- Мүмкін соңына дейін өз бақылауымызда ұстай алмағанымызда. Бұл футбол. Бір минутқа да босаңсымау керек. Бәрі қателеседі. Тіпті футбол аңыздарының өзінде бұндай қателіктер болып тұрады. Қателік болса - не істеу керек?  Данияға қарсы айып алаңында абайлап ойнау керек. Эриксон айып добын жақсы орындайды. Сондықтан мұқият болуымыз керек. Егер сіз ойынды соңына дейін көрмей, стадионнан қашып кетсеңіз, кете беріңіз. Бұл сіздің құқығыңыз. Бірақ бізге қолдау керек. Құрама ойын сайын алға басып келеді. Бұл қадамдар көзге көрінбегенмен, бастысы олар бар. Құрамаға нәтиже керек және біз осы құрамаға шақыртылуға лайық болуымыз тиіс.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или