Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған велошеру өтті

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған велошеру өтті

«Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында өткізілген спорттық шараға 1000-ға жуық адам қатысты.

Аталмыш шара қатысушылары «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып ҚР тұңғыш президенті саябағында аяқталған 9 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған билеттер ойнатылды. Ең бағалы сыйлықтардын бірі велосипедті ұтып алған алматылық Олег Борубаев өз қуанышымен бөлісті.

«Көңіл-күйім өте тамаша. Мен бүгін велосипед ұтып аламын деп ойламадым. Алайда осы сәтті күткен едім. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, себебі апта сайынғы велошерулерді жоғары деңгейде өткізеді. Алдағы уақытта бұл шараны жібермей қатысуға тырысамын, - деді Олег.

Айта кетейік, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасы аясында 2017 жылы жоспарланған 21 велошерудің алтыншысы болып табылады.



 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или