Ортис: Тарихи жеңіске қол жеткіздік
«Интер» футзал клубының капитаны Карлос Ортис Prosports.kz тілшісіне УЕФА кубогындағы жеңісі туралы айтып берді.
- Бәрі нәтижені қарап ойын жеңілді болды деп ойлаған шығар. Бірақ бұл олай емес, «Спортингке» қарсы ауыр кездесу болды. Қуанышымызға орай, барлық мүмкіндіктерімізді ұтымды пайдаландық.
-Ненің арқасында осындай басым жеңіске қол жеткіздіңіз?
- Біз бұл матчқа өте тыңғылықты дайындалдық. Қарсылас команданың ойынын түбегейлі зерттедік. «Спортингтің» ойыншыларына мүмкіндік бермедік.
- «Интер» УЕФА кубогының төрт дүркін иегері атанды. Бұл жеңіс қаншалықты маңызды?
- Әрине, біз өте қуаныштымыз. Бұл тарихи жеңіс. Он төрт жыл ішінде төрт рет УЕФА кубогын жеңу – бұл үлкен жетістік.
- «Алматы Аренаның» атмосферасы ұнады ма?
- «Қайратпен» өткен ойындағыдай қысым болған жоқ. Атмосфера керемет. Жанкүйерлердің қолдауын сездік. Ең бастысы – жеңіске жеттік.
