Қайрат Оразбеков: Бұл жеңісті Нетоға арнаймыз

Қайрат Оразбеков: Бұл жеңісті Нетоға арнаймыз

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков УЕФА кубогындағы қола жүлдесі жайлы айтып берді.

- «Юграға» қарсы ойын өте тартысты болатынын білдік. Өкініштісі, бұл матчтан кейін қос команданың бірнеше ойыншылары жарақат алды. Ресейлік командадан есе қайтардық, естеріңізде болса былтыр «Юградан» ұтылған болатынбыз. Бұл жеңісті біз Нетоға арнаймыз. Оның командада жоқ болуы ойынға өз әсерін тигізді. Өздеріңіз көрдіңіздер, бізге сапалы қорғаушы жетіспеді. Нетоға біз алғыс айтқымыз келеді. Оның «фэйсбук» парақшасында жазған жолдауы біздің футзалшыларымызға қосымша мотивация болды.

- Кеше «FutsalPlanet» басылымы Рикардиньоны жылдың үздік ойыншысы, ал Игитаны үздік қақпашы деп таныды...

- Қазіргі әлемнің ең үздік футзалшылары кезінде «Қайратта» ойнаған. Мәселен, Густаво, бүгін бізге қарсы ойнаған Кататаны әлемге танытқан біздің команда еді. Жалпы, «Қайрат» талай жас талантты бразилиялықтарға жол ашып берді. Ал Игита болса біздің түлегіміз. Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» мақтанышы.   

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогының үшінші орын үшін кездесуінде ресейлік Юграны пенальти сериясында жеңді.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или