Игита: Жанкүйерлердің қолдауы арқасында жеңіске жеттік
«Қайрат» футзал клубының қақпашысы Игита Prosports.kz тілшісіне «Юграмен» өткен кездесу туралы айтып берді.
- «Югра» - өте мықты ұжым. Бұл команда былтыр УЕФА кубогын ұтқан болатын. Соған қарамастан біз «қоланы» аңсадық. Жеңіске жету үшін бар күшімізді салдық. Матч өте тартысты өрбіді. Кездесу жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Қызық ойын болды. Жанкүйерлердің қолдауы арқасында жеңіске жеттік. Бұл қола жүлдемізді оларға арнаймыз.
- «Қайрат» ойынды өте баяу бастады, бұл немен байланысты?
- «Югра» мықты чемпионатта өнер көрсетеді. Бұған қоса Ресей біріншілігінде ойын 40 емес, 50 минуттан тұрады. Қарсыласымыз жоғары деңгейлі команда болды, әйтсе де жеңіске жете алдық.
- Кімге қарсы ойнаған ауырлау болды – «Интер» әлде «Югра»?
- Шын айтсам, «Юграға» қарсы ойын ауыр болды. Бүгінгі матч өте тартысты өрбіді. Бұған қоса, бұл кездесуге көп эмоция жұмсадық.
- Пенальти сериясында үш соққының кем дегенде біреуін қайтаратынына сенімді болдыңыз ба?
- Иә, кем дегенде бір соққыны қайтаратынына сенімді болдым. Сонымен қатар, жанкүйерлердің қызу қолдауы маған күш берді. Оларға көп алғыс айтқым келеді.
Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогының қола жүлдесі үшін кездесуінде ресейлік «Юграны» (5:5, 3:2 пен.) пенальти сериясында жеңді.