Какау: Менің ойыншыларым нағыз жауынгерге тән мінез көрсетті
«Қайрат» бапкері үшінші орын үшін болған ойыннан соң кездесуден алған әсерімен бөлісті.
- Ең алдымен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бүгін мен ойыншы болып алаңға шығып жанкүйерлердің қошаметін сезінгім келді. «Интерге» ұтылып қалған соң ойыншыларды дайындау қиынға түсті.
«Юграмен» ойында алғашқы он минуттан соң ғана ойынымызды таба алдық. Мені Игита үшін көп сынайды. Алайда ол бүгін өзінің үздік екендігін дәлелдеді.
Ойыншыларымды құттықтағым келеді. Олар бүгін нағыз жауынгерге тән мінез көрсетті. Жарақатына қарамай жанын салғып ойнағандар да болды. Мысалға Дуглас. Ол нағыз арыстан сияқты арпалысты.
Димаш Сүлейменовты ерекше атап өткім келеді. Ол кішкентай болып көрінгенімен өз позициясында керемет ойнайды. Мен бірнеше ойыншымыздан айрылғанымызды айттым. Тағы бірнешеуі ойынға дайын болмады.
Бүгінгі ойында қала әкімі болды. Киінетін бөлмеге келіп жеңісіміз үшін алғысын айтты. Бүл менің және ойыншылардың жеңісі ғана емес. Бұл жеңіске көп адам ортақ. Журналистер, клуб басшылығы. Қазақстан футбол федерациясына алғысымыз шексіз.