Есенаманов: «Юграға» қарсы жеңіл болмайтыны анық
«Қайрат» футзал клубының ойыншысы Шыңғыс Есенаманов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Интермен» өткен кездесу туралы айтып берді.
- Өте ауыр ойын болды. Соңында шаршап қалдық, соның кесірінен гол жіберіп алдық. Жалпы жақсы ойын көрсеттік, жігіттер соңына дейін тырысты. Бірақ сәттілік жетіспеді.
Рикардиньоның қандай шебер ойыншы екенін бәрі көрді. Әрине, оған қарсы тұру қиын болды. Жиі ереже бұзуға тура келді. Алматыда ойнаған соң жанкүйерлерімізді қуантқымыз келген, алайда бұл мақсатымыз жүзеге аспады. <span>«</span>Интер<span>»</span> - топ команда. Бұған қоса Испания чемпионатының деңгейі өте жоғары.
- «Юграға» қарсы ойнау жеңілірек бола ма?
- Жоқ. Жеңіл болмайтыны анық. <span>«</span>Юградан<span>»</span> былтыр ұтылған болатынбыз. Бұл өте мықты ұжым. Бізді ауыр кездесу күтіп тұр.