Сүлейменов: Кездесудің соңына қарай шаршап қалдық

Сүлейменов: Кездесудің соңына қарай шаршап қалдық

УЕФА кубогының Төрттік финалындағы екінші жартылай финалда «Қайрат» испандық «Интер» клубына есе жіберді. Ойын соңында алматылық команданың капитаны Дінмұхамед Сүлейменов кездесудің соңына қарай шаршап қалғандықтарын айтты.

- «Қайрат» ойын соңына қарай шаршап қалған сияқты көрінді?

- Ия сырт көз сыншы. Расымен ойын соңына қарай шаршап қалдық. Ал қарсыластарымыз бізден қарағанда тың болды. Екінші тайм соңына қарай ойын тізгінін қолдан шығарып алдық, нәтижесінде қақпамызға гол соғып кетті.

- Бүгін Игита шабуылға араласпады десе де болады. «Интер» командасы мүмкіндік бермеді ма?

- Игитаның шабуылға жиі араласып тұрғанын қалағанбыз. Алайда қарсылас салған жерден қыспаққа алып ондай мүмкіндік бермеді.

-Кездесудегі шешуші сәт Рикардиньюдың алғашқы голы болды дегенге келісесіз ба?

- Келісуге болатын шығар. Себебі біз бір гол басымдығымен жеңіп жатқанымызда есепті еселейтін бірнеше мүмкіндік болды. Сол тұста сәттілік серік болғанда мүлдем басқаша ойын болар еді.  Рикардинью гол соғып есеп теңескен соң қарсыластарымыз есін жинап алды десе де болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или