Рикардинью мықтылығын мойындатып кетті

Рикардинью мықтылығын мойындатып кетті

УЕФА кубогының Төрттік финалындағы «Интер» мен «Қайрат» арасындағы жартылай финал ойыны салған жерден қос команданың шабуылымен басталды. Испаниялық команда бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымтастырып есепте алға шыққысы келгенімен дегендері болмай жатты. Есесіне «Қайрат» командасының ойыншылары өз мүмкіндіктерін ұқыпты пайдаланып алғашқы голды соқты. Ойынның небары төртінші минутында есеп ашқан Кабреува болатын. Соғылған гол мен жанкүйерлердің айқайынан күш алған алматылық команда қатарынан бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Игита бастаған шабуылдардың голға айналуына қарсылас команда қақпашысының шеберлігі кедергі болды. Қақпаларына төнген бірнеше қауіпті сәттерде сауатты қорғана білген «Интер» командасының ойыншылары сәтті шабуыл ұйымдастыра алды. Футзалдан әлемнің үздік ойыншысы Рикардинью жеке шеберлігінің арқасында есепті теңестіріп кетті.

«Қайрат» ойыншылары соғылған голға тез жауап қайтара алды. Игор өз мүмкіндігін мүлт жібермей командасын алға шығарды. Кездесудің бірінші таймында осы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші тайм қазақстандық команда үшін сәтсіз басталды. Игита қақпасы маңындағы қарбалас кезінде қазақстандық команданың ойыншысы тәртіп бұзып, «Қайрат» қақпасына пенальти белгіленді. Рикардинью белілген мүмкіндікті мүлт жібермей есепті 2-2 жасады. Осы голдан соң ойын біраз уақытқа саябырсыды. Кездесудің қалған бөлігі екі кезек шабуылымен өрбіді. Ойынның негізгі бөлігі осы есеппен аяқталып қосымша командалар қосымша уақыт ойнайтындай көрінген. Алайда «Интер» командасының ойыншысы Ортис кездесу тағдырын шешіп жеңіс голын соғып кетті.

УЕФА Кубогы Төрттік финалы

Жартылай финал

«Интер» - «Қайрат» 3 -2

Естеріңізге салсақ, алғашқы жартылай финалдық ойында португалиялық «Спортинг» ресейлік «Югра» командасын ұтып финалға шыққан болатын. Ойын соңында ресейлік команданың бапкері кездесудің тең дәрежеде өткендігін айтса, «Спортинг» командасының тізгінін ұстаған Нуну Диаш өз командасының бір жанұя сияқты өнер көрсеткендігін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или