Кака: Қос команда тең дәрежелі ойын көрсетті
УЕФА кубогының Төрттік финалының алғашқы жартылай финалдық ойынында «Спортинг» командасы «Югра» командасын 2-1 есебімен жеңіп финалға шықты. Ойын соңындағы баспасөз маслихатында «Югра» командасының бас бапкері Кака кездесудің тең дәрежеде өткендігін айтты.
- Жалпы ойын қалай өтті?
- Екі команда да финалға шығуға лайықты еді. Ойында бір команданың анау айтқандай басымдығы байқалмады. Жалпы алғанда екі ұжым да Төрттіктің финалына сай ойын көрсетті. «Спортинг» командасын жеңісімен құттықтаймын.
- Бүгінгі жеңілістен соң команданы үшінші орын үшін өтетін ойынға дайындау қаншалықты қиын болады?
- Әрине қиын. Алайда, біз кәсіпқой командамыз. Оның үстіне Төрттік финалында күн сайын ойнап жатқан жоқпыз. Жанкүйерлерді, қарсылас команданы құрметтеуіміз керек. Сондықтан үшінші ойын үшін өтетін ойында біздің команда бар білгенін алаңда көрсетіп, еңіске жетуге тырысады
- Ойын аяқталған соң ойыншыларыңызға не айттыңыз?
- Мен сендер сияқты ойыншыларым барына мақтанамын дедім. Жеңіліс үшін жекелеген адам кінәлі емес. Ойыншыларыма рахмет барын салды. Сәттілік жетіспеген болар. Төрттіктің финалына сай ойын болды. Қос команда да жеңіске лайық ойын көрсетті.
- Үшінші орын үшін ойынға команданы дайындау қиынға түсетін болар?
- Мен сендер сияқты ойыншыларым барына мақтанатынымды айттым.