Әлем біріншілігі: Қазақстан велошабандоздары 13-орын алды

Әлем біріншілігі: Қазақстан велошабандоздары 13-орын алды

Велотректен Гонконгте өткен әлем біріншілігінде Қазақстан жалпы есепте 13-ші орынға қол жеткізді.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, аталған додаға жалпы саны 41 елден 344 велошабандоз қатысқан.

Қазақстан ұлттық құрамасы атынан Роберт Гайнеев, Артем Захаров, Сұлтанмұрат Мірәлиев және Никита Панасенко қатысқан болатын.

Велотректің «скрэтч» түріне қатысқан Роберт Гайнеев 16-шы болып мәреге жетсе,  «омниумда» Сұлтанмұрат Мірәлиев бақ сынап, 8-ші орынға тұрақтады.

Осылайша, жалпы қорытынды есепте - 13-ші орын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или