Велотректен әлем біріншілігі аяқталды
Гонконгте велоспорттың трек түрінен әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Жарысқа жалпы саны 41 елден 344 велошабандоз қатысты.
Қазақстан ұлттық құрамасы атынан Роберт Гайнеев, Артем Захаров, Сұлтанмұрат Мірәлиев және Никита Панасенко қатысқан болатын.
Велотректің «скрэтч» түрінен қатысқан Роберт Гайнеев 16-шы болып мәреге жетсе. Бұл сынның жеңімпазы поляк Адриан Теклински атанды.
«Омниумда» Сұлтанмұрат Мірәлиев бақ сынап, «скрэчте» 8-ші нәтиже көрсетсе, «темпода» 16-шы ал «элиминешн»сынында 11-ші орын, жалпы қортынды есепте 13-ші орынға қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или