Микеле Скарпони «Альпі Туры 2017» велокөпкүндігінің бірінші кезеңін ұтып алды
«Астананың» италиялық велошабандозы Микеле Скарпони «Альпі Туры 2017» велокөпкүндігінің бірінші кезеңін ұтып алды.
«Астана» велокомандасының көшбасшысы британиялық SKY өкілі Герайнт Томас және FDJ өкілі Тибо Пинодан басым түсіп, алғашқы кезеңде топ жарды. Ал тағы бір «Астаналық» велошабандоз Дарио Катальдо жарысты алғашқы ондықта аяқтады . «Альпі Турында» Скарпони мен Катальдодан бөлек «Астана» сапында Жандос Бижігітов, Сергей Чернецкий , Морено Мозер, Луис Леон Санчес, Паоло Тиралонго және Андрей Зейц қатысуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или