Ақ жол, Apple Team!

Ақ жол, Apple Team!

16 сәуірде Алматы қаласында 2017 жылғы велосипед маусымының ашылуы мен құрлықтық деңгейдегі Apple Team командасының таныстырылуы өтті.

Веложарыс таңғы 9-да басталды. Күн бұлтты болып тұрса да, «Нұрлы тау» кешенінің алдында Алматыда жаңа маусымдағы алғашқы веложарысқа қатысушылар саны көп.

48f380b1f6d7f04959f2fa968e679f35.jpg

Олардың қатарында жас та, кәрі де болды.

b6cd72aee0a4cfb6c25271ee52ffd0b3.jpg

0fe21f1efd34ee4f9118ebfabd509124.jpg

Қатысушылар өз отбасылары және достарымен келді.

5300f31a7c3a46d276c26d3e4fb5df91.jpg

Спорт жұлдыздары да қалысқан жоқ.

6626419d19465787d834cfb83fbdde8a.jpg

Қатысушылар «Нұрлы таудан» «ҚР тұңғыш президентінің атындағы саябаққа» дейін 9 шақырымды артта қалдырды. Жарыс алдында қатысушыларға арнайы нөмір берілді, соның арқасында мәре сызығында жүлдегерлер анықталып, сыйлықтар берілді. Ең негізгі сыйлық – электровелосипед.

315b6ca92352a050d3ae6ac3f3a9c4d9.jpg

Сиднейдегі Олимпиада ойындарының жүлдегері Ислам Байрамуков мұндай шараларға бірінші рет келіп тұрған жоқ:

9c46951380823ca34eded17fd6f9225e.jpg

- Веложарысқа екінші рет қатысып жатырмын. Былтыр маусымның ашылуында болғанмын. Кардиожаттығу жасадым, тамаша әсерде тұрмын. Басында қалып қойғанмын, ұйымдастыру мәселесі бойынша сөреде кешігіп қалдым, қуып жетуге тура келді. Жолда өзіме бір қарсылас тауып алдым, екеуіміз мәреге дейін жарысып бардық (күліп). Салауатты өмір салтын насихаттау деп осыны айту керек. Мұндай шараларды көптеп ұйымдастыру қажет.

71867687c77fab619c8c28693b1296e1.jpg

Алматылық алғашқы кәсіпқой велокоманда ресми түрде таныстырылған соң, Apple Team менеджері Евгений Яковлев Prosports.kz тілшісіне өз пікірін айтты.

- Қаламыздың намысын халықаралық жарыстарда қорғайтын алғашқы велокоманда ашылып отыр. Бұл команда алдағы ұрпақ арасында кәсіпқой велоспорттың дамуына өз үлесін тигізеді деп үміттенеміз.

Халықаралық жарыстарға келесі жылдан бастап қатысамыз. Бірақ «Алматы туры-2017» сайысына мықты құраммен келеміз. Тайваньда, Иран мен Қытайда жүрген жігіттер оралады. Биылғы жылы Азияда Қазақстанның туымен өнер көрсетпекпіз. Жалпы айтқанда, мақсатымыз өте жоғары.

d9992840be2f33714cf4acaa1aa926e9.jpg

31b96039277ce0543a65ab4d6d7a6622.jpg

795724da47481a474b396931502e7823.jpg

e43d4bbe13a311ab46d77e7d7d2d0cbc.jpg

002586902f207e8647c1105770257866.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или