«Қайрат» «Синараны» жеңді
Алматылық ұжым Ресей біріншілігінде ойнайтын командамен кездесті.
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Алматыда өтетін УЕФА Кубогының финалдық кезеңіне дайындығын бастап кетті.
Төрттік финалына дайындықты пысықтау үшін Ресей чемпионатында ойнайтын ұжыммен жолдастық кездесу өткізу алматылық команда үшін керек ақ.
«Синарамен» өткен жолдастық кездесудің алғашқы таймында қос команда да гол соға алмады.
Ал екінші таймда қазақстандық клуб қарсылас қақпасына екі бірдей гол соқты. Алғашқы голды Дуглас соқса, екінші голды Сүлейменов өз еншісіне жазды.
Осылайша ойын 2:0 есебімен «Қайрат» командасының жеңісімен аяқталды.
Ертең осы екі команда екінші жолдастық кездесу өткізеді. Ойын «Алматы-Аренада» 15:00 де басталады.
Жолдастық кездесу
«Қайрат» (Қазақстан) 2:0 «Синара» (Россия)
Голдар: Дуглас 24, Сүлейменов 37
15 сәуір, Алматы, «Алматы-Арена»








Фото Олиг СПИВАК