Әлемнің үздік футзалшысы Алматыға келеді

Әлемнің үздік футзалшысы Алматыға келеді

28-30 сәуір арасында Алматы екінші рет футзалдан УЕФА Кубогының Төрттік финалын қабылдайды. Тарихи оқиға – Еуропаның үздік клубтары «Алматы Аренада» ойнайды, олардың ішінде «Қайрат» АФК да бар. Қала басшылығы мен алматылық клуб футзалдағы ең басты додаға дайындықты бастап кетті. Ал жанкүйерлер болса, сол сәтті тағатсыздана күтіп жүр. Мұның себебі – Алматыда өздерінің сүйікті клубы ғана емес, әлемнің үздік футзалшысы өнер көрсетеді.

5af4cc6490825b4a6356976af4e6f3f3.jpg

Рикарду Филипе да Силва Брага, қысқаша айтар болса, Рикардиньо – португалиялық Гондомар қаласының тумасы. 31 жастағы Рикардиньоны жанкүйерлер өзгеғаламшарлық немесе «футзал сиқыршысы» деп атайды. Төмендегі бейнероликті көрген соң сіз де сондай пікірде болатын шығарсыз:

ЕУРО-2016 іріктеу турнирінде Рикардиньо көптеген қайраттықтармен кездесіп, жеңіліп қалған еді – Қазақстан сенсация жасап, 3:1 есебімен ұтқан болатын.

«Рикардиньоны тұсап ұстай алдық, ол мұны күтпесе керек. Біз қорғана аламыз деп ойламаған шығар. Португалияның көп ойыншысы бізді жөнді бағалаған жоқ, себебі біз мұндай деңгейде әлі кездеспеген едік», - деді матчтан кейін «Қайраттың» ойыншысы Михаил Першин. Дәл айтқан секілді.

48be56860bbf9da4e36eb08e08cf7e05.jpg

Алматылық клубтың бас бапкері, бұрын Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған Какау Португалия жұлдызы туралы былай деген:

- Мен бразилиялықпын, бірақ Фалькаоның өзі мұндай голдар соқпағанын (Рикардиньоның сербтер қақпасына соққан голы) мойындауым керек. Бұл мен үшін ғасырдың ең үздік голы. 11 мың жанкүйер матч бойы қарсылас командаға ысқырып, артынша гол соққан солардың ойыншысына қол шапалақтаған кезді көрген емеспін. Сол үшін Рикардиньоға алғыс айтуымыз керек. Ол әлемнің ең үздік ойыншысы.

Әлемнің үздік қақпашысы Игита («Қайраттың» ойыншысы) да сондай пікірде:

- «Ерекше» - оны суреттеу үшін ең дұрыс сөз осы. Оны қарсыластың бәрі құрметтейді. Әр дрибилнгі немесе қызықты шешімдері біздің жүзімізге күлкі ұялатып, таңқалдырады.

Португалиялықтың отандастарына келер болсақ, олар Рикардиньоны басқа да «аяқдоп шеберлерімен» бір қатарға қояды – жағажай футболының жұлдызы Маджер және әлемнің үздік футболшысы Криштиану Роналду. Айтпақшы, Рикардиньо КриРодан бір ғана «Алтын допқа» қалып келеді.

5f1121eb8639970f510024d957dfdd80.jpg

Бір қызығы, алғаш рет әлемнің ең үздік футзалшысы атанған соң, Рикардиньо Жапонияға аттанды – 2010 жылы «Нагоя Оушенс» клубымен келісім-шартқа отыруы нағыз сенсация болған еді. Сол сәтте ол үшін спорттағы жетістік аяқталып, тек ақша үшін ойнайтындай көрінген. Алайда келесі маусымда Рикардиньо мәскеулік ЦСКА-ға ауысты. Сол жақтан «Бенфикаға», кейін испаниялық «Интерге» ауысып, бүгінде сол жақта тамаша өнер көрсетіп жүр.

Қазіргі таңда 31 жастағы Рикардиньо Еуропада ең көп жалақы алатын футзалшылардың бірі саналады – жылына клубтан 1 млн еуро + демеушілерден (ең атақтылары – AUDI мен NIKE) 500 000 еуро.

Сонымен қатар, Рикардиньо өз Академиясын дамытып жатыр...

a27e4fdb07a5eb71358a68f3c6fe1a54.jpg

...әлеуметтік желілерде де қалысар емес...

0b79f19223bb7c807ed678fc3e41423f.jpg

...ресми сайты да бар.

37e1c43d571163711b79878c470631cf.jpg

Ал енді бар болғаны, аз уақыттан соң әлемнің ең үздік футзалшысы Алматыға келіп, УЕФА Кубогының екі дүркін жеңімпазы атануға тырысады. Ал біз «футзал сиқыршысының» бар сиқыры Алматыда аяқталып, кубокты Дінмұхамбет Сүлейменов үшінші рет көтереді деп үміттенеміз.

Финалдың билеттерін мына сілтемеден сатып алуға болады.

0c36d2686c9262f1b91d235b708f3159.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или