Григорий Шамро: Бапкер қойған тапсырманы толығымен орындай алдық

Григорий Шамро: Бапкер қойған тапсырманы толығымен орындай алдық

«Алматы Аренада» Қазақстан құрамасының қатысуымен Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аяқталды.

Топтық кезеңнің соңғы ойынында Қазақстан мен Чехия құрамалары Еуропа чемпионатына берілетін тікелей жолдамаға таласқан болатын. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы қарсыласын 3-0 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Ойын соңында Қазақстан құрамасының қақпашысы Григорий Шамро жалпы іріктеу ойындары туралы ойымен бөлісті.

- Ойын жайлы айтар болсам бапкердің тапсырмасын орындай алдық. Ең бастысы өз қақпамызға гол жібермедік. Соңғы шепте Игита өзінің қыралығымен көзге түсті. Біз жанкүйерлерге қуаныш сыилағымыз келді. Себебі, мұндай ірі турнир Қазақстан жерінде алғаш рет өтіп тұр. Барлығына рахмет, жігіттерге, жанкүйерлерге.

- Ойын атмосферасы қалай болды?

- Керемет! Барлығына рахмет айтамын. Келіп көзбен көріп қолдау білдірген, сонымен қатар теледидар арқылы тамашалаған барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз.

- Қазақстан құрамасының алдына қойылатын келесі тапсырма қандай болмақ?

- Ең алдымен біздің алдымызда осы іріктеуді мүдірмей өтіп, топтан бірінші орынмен шығу болатын. Біз ол тапсырманы толығымен орындай алдық. Енді алда қандай міндеттер болатынын ақылдаса келе шешетін болады.

- Алесионың қол астында жаттыққан қалай екен? Какаумен өзгешеліктері көп па?

- Алесио біз үшін жаңа бапкер емес. Ол Какаудың бапкерлік құрамында болған. Сондықтан біз бапкер ауысу үрдісін байқамай да қалдық деуге болады. Тек кейбір сәттерде қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, қорғанысымызды нығайттық. Нәтижесін өздеріңіз де көріп отырсыздар.

- Жанкүйерлерге қандай тілегіңіз бар?<br /><span />

<span>-</span>Футболды, футзалды жақсы көріңіздер, жанкүйер болыңыздар. Келіп жанкүйерлік танытудан шаршамаңыздар. Өздеріңіз де ойнаңыздар! Ең бастысы ауырмаңыздар!

-Рахмет!

Айта кетейік, футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионаты 30 қаңтар - 10 ақпан аралығында Словения астанасы Любляна қаласында өтеді.

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или