Жаманқұлов: Барша жанкүйерлерімізді Чехияға қарсы ойында күтеміз
Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Серік Жаманқұлов Prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.
- Бүгінгі ойынға тек жеңіс үшін шықтық. Қарсылас команданың қақпашысы тамаша өнер көрсетті. Өкінішке қарай, шабуылда гол соғатын көп мүмкіндіктерді жіберіп алдық. Бұл бағытта бізге әле де көп еңбек ету керек.
- Бұрынғы жарақтыңыздан толықтай емделдіңіз бе?<br />
- Құдайға шүкір, бәрі жақсы.
- Алдағы қарсыласыңыз Чехия құрамасы болмақ... <br />
- Бұл ойын - топтық кезеңнің ең шешуші кездесуі. Жалпы біз бұған дейін де Чехиямен ойнап, бұл команданы жеңген болатынбыз. Мақсатымыз – топта бірінші орын алу.
- Өз алдына турнирде кем дегенде бес голу соғу керек деген мақсат қойған жоқсыз ба? <br />
- Жоқ. Нақты осыншама гол соғуым қажет деген мақсат қойған жоқпын. Менің басты мақсатым – гол соғып, командама көмектесу.
- Серік, жанкүйерлерге айтар сөзіңіз бар ма?
- Жанкүйерлердің бүгінгі қолдауы керемет болды. Келіп, бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен қуанамыз. Енді барлықтарыңызды Чехияға қарсы маңызды ойында күтеміз.
Фото Эдуард Гавриштікі