Кнауб: Чехияға қарсы матчқа сақадай сай дайын боламыз
Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Жетісудың» ойыншысы Арнольд Кнауб Даниямен өткен ойын (5:0) жайлы және алдағы Чехияға қарсы кездесу туралы айтып берді.
- Бас бапкердің ойынға қойған барлық нұсқауын орындадық, - деп бастады әңгімені Арнольд. Шабуылда кішкене қателіктер болды, бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерімізді жіберіп алдық.
- Бүгінгі өнеріңізге көңіліңіз толды ма?
- Бүгін көрсеткен ойыным көңілден шықпады. Физикалық дайындығым жақса болса, психологиялық тұрғыда өз-өзіме деген сенімділік жетіспеуде.
- Келесі қарсыласыңыз Чехия құрамасы туралы айтып берсеңіз?
- Олардың ойынын әлі зерттейміз. Жалпы бұл матчқа сақадай сай дайын боламыз.
Фото Эдуард Гавриштікі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или