Радим Заруба: Қазақстан құрамасына қарсы жігерленіп шығамыз

Радим Заруба: Қазақстан құрамасына қарсы жігерленіп шығамыз

Футзалдан Чехия құрамасының ойыншысы Радим Заруба Македония құрамасына қарсы жеңісті кездесуден кейін өз ойымен бөлісті.

- Ең алдымен өз командамды осы жеңіспен құттықтаймын. Бүгін жеті гол соққанымызбен ойын қиынға түсті. Біз өз мүмкіншіліктерімізді сәтті қолданып, жеңіске қол жеткіздік. Бүгін командамыз жақсы жұмыс атқардық.

- 11 күні командаңыз Қазақстан құрамасына қарсы ойынайды, сол кездесуде кімнен сескенесіз?

- Біз Қазақстан құрамасына жігерленіп шығамыз. Ойынды зерттеп, олардың әлсіз жерлерін табуға тырысамыз. Қазақстан құрамасында біреуді атап өту мүмкін емес. Себебі олардың көбі бразилиялықтар. Ал бразилиялықтар әрдайым мықты болған.

- Екінші таймда ойын қызып, төрешілерге наразылықтарыңыз көрініп жатты. Сол жайлы айтып өтсеңіз?

- Ия, алайда мен төрешілердің жұмысы жайлы тіс жармаймын. Сондықтан ол жайлы пікір айтпаймын.

Айта кетейік, Еуро-2018 іріктеу кезеңі аясында бүгін Чехия құрамасы Македонияны ойсырата ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или