Айта кетейік, Еуро-2018 іріктеу кезеңі аясында бүгін Чехия құрамасы Македонияны ойсырата ұтты.
Иван Божович: Қақпамызға арзан голдар жібердік
Футзалдан Македония құрамасының бас бапкері Иван Божович Чехия құрамасына қарсы кездесуден кейін өз ойымен бөлісті.
- Ең алдымен Чехия командасын жеңісімен құттықтаймын. Менің шәкірттерім қолдан келгеннің барлығын істеді. Ойыншыларыма ризамын. Алайда екінші таймда көр қателер жіберіп, «арзан» голдар жібердік.
- Командаңыз Қазақстан құрамасына қарсы кездесуден кейін шаршап қалды ма?
-Жоқ, менің шәкірттерім физикалық тұрғыда жақсы жаттыққан. Айтып өткендей голдарды тек қарымта шабуылдардан жібердік. Чехия құрамасы тәжірибелі команда екенін дәлелдеді.
- Екінші таймда ойын қызып, төрешілерге наразылықтарыңыз көрініп жатты. Сол жайлы айтып өтсеңіз?
- Ия, төрешілер тарапынан кішкене қателер болды. Бірақ ол ойынның нәтижесіне өз әсерін тигізген жоқ.