Иван Божович: Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтаймын
Футзалдан Македония құрамасының бас бапкері Иван Божович Еуро-2018 іріктеу кезеңінің Қазақстан құрамасына қарсы кездесуден кейін өз ойымен бөлісті.
- Қазақстанды жеңісімен құттықтаймын. Ойын барысында біз көп қате жібердік. Бірақ ойында ондай қателер болып тұрады. Біз мұндай қиын ойынды күткен едік. Бізде мүмкіншіліктер болды. Алайда біз оны голға айнылдыра алмадық. Енді келесі ойынға дайндалып, жеңіске жетуге тырысамыз.
- Ойын барысында мүмкіншіліктеріңіз көп болды. Алайда гол соға алмай кеттіңіздер. Не бөгет болды? Қомандаңызда кімді атап өтер едіңіз?
- Бізде 5-6 гол соғатын сәтіміз болды. Мәселе Қазақстан соқты, ал біз жоқ. Кейбір ойыншыларға ризамын, Нақты біреуді айта алмаймын

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2018 іріктеу кезеңі аясында Македонияны жеңді.