Алесио: Біздің топта фаворит жоқ
Қазақстан құрамасының бас бапкері Жозе Алесио Да Сильва Еуро-2018 аясындағы Македония құрамасымен кездесуден кейін әсерімен бөлісті.
- Біріншіден қарсыластарымызды жақсы өнер көрсетуімен құттықтаймын. Оларға бүгін қиын болды. Өз командамызды да құттықтаймын. Бұл мен үшін бірінші ресми ойыным. Бүгінгі ойын бізге де қиынға түсті. Македония құрамасы ақтық сықырық естілгенше дейін жанын беріп ойнады. Алайда біздің бағымыз жанып, жеңіске жеттік.
- Ойынның нәтижесіне қанағаттандыңыз ба? Құрама ойыншылары өз мүмкіншіліктерін толық көрсетті ме?
- Меніше, ия. Бірақ, команданың ойыны бапкердің көңілінен ешқашан 100 пайызға шығуы мүмкін емес. Жұмыс істейтін қателер әрдайым болып тұрады. Іріктеу кезеңнің аяқталуына әлі екі күн бар. Сондықтан алда бізді көп жұмыс күтіп тұр.
- Бүгін Альберт Акбаликов сәтті қосылды. Келесі кездесуде құраманың жас ойыншыларын алаңға шығарасыз ба?
- Мені ол ойыншыны шақырғаным үшін сынға алды. Ол өзінің «Ақтөбе» клубында жақсы өнер көрсетті. Ол әлі жас, үйренетіні көп. Өкінішке қарай, оның қорғаныста қателері көп. Бізге голға аш ойыншылар керек. Бұл турнирде жеңіл ойын жоқ. Сіздер Дания мен Чехия командаларының ойындарын көрдіңіздер. Олар қателікті кешірмейтін ұжым. Сол себепті ертең тек тәжірибелі шәкірттерімді қосамын. Ал жастар өз мүмкіндіктерін күтеді.
- Қалған екі кездесуде қай командадан сесекенесіз?
- Бұл жерде анық фаворит жоқ. Екі қарсылас та осал емес. Чехия тәжірибелі болса, Дания да жеңіл қарсылас емес.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2018 аясында Македония құрамасын жеңді.