Кәрі құрлыққа жаңа саяхат
Алесио бастаған Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін Еуропа чемпионатына дайындықты бастап кетті.
Құрам

Алесионың бас жаттықтырушы қызметіне тағайындалғанынан кейін айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Дегенмен бразилиялықтың айтуынша, команда қадам санап жастарды тартуға кіріседі. Осы жолы Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Антон Рындин, Біржан Оразов (фотода) және Ерсұлтан Сағындықов секілді жастар құрамға ілінді.
Бірақ құрама Игита, Сүлейменов, Дуглас, Лео, Есенаманов және Першин сияқты көшбасшы ойыншыларға үміт артатыны анық. Жолдастық кездесулерге қарап команданың негізгі кұрамы бір-бірін түсінетіні және ұйымдасқан ойын жасай алатыны көрініп тұр.
Тарих

УЕФА-ға кіргеннен кейін біз 2004 жылы алғаш рет Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнадық. Сол уақытта Лев Демьянский шәкірттері Болгариядан басым түсіп, Армениямен тең ойнап, Румыниядан ұтылып қалған болатын. 2007 жылы ұзақ үзілістен кейін (құрама үш жыл бойы ресми және жолдастық ойындарға қатыспады) Қазақстан Мальта, Кипр мен Грузияны жеңіп, алдын-ала кезеңнен оңай өтті. Бірақ негізгі кезеңде Чехиядан, содан кейін Хорватиядан жеңіліп, тек соңғы ойында Боснияны қапы қалдырдық.
2009 жылы Қазақстан тағы да іріктеудің екі кезеңінен өтті. Алғашқы кезеңде Әміржан Мұқанов басқарған команда Дублинде Кипр, Англия, Ирландия қақпасына 13 гол соқты. Бірақ негізгі кезеңде Испания құрамасымен бір топқа түсіп, сенсация жасауға деген үмітіміз су сепкендей басылды. Словакиядан 4:6, Испаниядан 0:7 есебімен ұтылып, Молдованы (1:1) да ұта алмадық.
ЕУРО-2012 іріктеуіне рейтингінің жоғарлауына байланысты алдын-ала кезеңге қатыспадық. Алайда негізгі кезеңде тағы да Испания құрамасы қарсы тұрды. Осы жолы испаниялықтардан 0:5 есебімен жеңіліп қалдық. Әзірбайжанды 3:6 есебімен алға жіберсек, Францияны 2:0 есебімен жеңдік.
2013 жылы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Какау келді. Бірден ғажайып жасау оның да қолынан келмеді. Алғашқы матчта біз Ресейден ұтылдық. Бірақ кейіннен Латвияны ұтып, Румыниямен тең түстік. Нәтижесінде Румынияның доп айырмашылығы бізге қарағанда жақсы болып, олардың тағы бір матч өткізуіне себеп болды.
Какау командасы соңғы Еуропа чемпионатында биіктерді бағындыруға дайын болды. Бірақ алғашқы матчта Румынияға есе жіберді. Екінші ойында Португалиядан басым түстік, ал үшінші матчта Грузияны қапы қалдырдық. Айта кету керек, Грузия, Португалиямен бірге алты ұпай еншіледік. Бірақ осы жолы доп айырмашылығы бойынша Румыния жарыс жолын аяқтады. Финалдық кезеңге өту үшін ұлттық құрама Босния және Герцеговинаға қарсы тұруы тиіс еді. Какау шәкірттері екі ойын қорытындысы бойынша 9:0 есебімен оңай жеңіске жетті. Содан кейін Сербияда қола алдық! Ал енді біздің Словенияға қарсы ойынымыз қаншалықты қиын болатынын көрейік.
A тобы (қабылдайтын ел: Грузия)
8 сәуір
Италия – Беларусь
Грузия – Нидерланды
9 сәуір
Нидерланды – Италия
Грузия – Беларусь
11 сәуір
Беларусь – Нидерланды
Италия – Грузия
Италия құрамасы топтың фавориті ретінде саналады. Екінші орынға қалған үш құрама да талас жүргізе алады. Италиялықтар Еуропаның екі дүркін чемпиондары. Бірақ соңғы ЕУРО-да оларды Қазақстан құрамасы тоқтатқан болатын.
В тобы (қабылдайтын ел: Әзірбайжан)
8 сәуір
Венгрия – Албания
Әзірбайжан – Босния және Герцеговина
9 сәуір
Босния және Герцеговина – Венгрия
Әзірбайжан – Албания
11 сәуір
Албания – Босния және Герцеговина
Венгрия – Әзірбайжан
Өткен жылы Әзірбайжан құрамасы Еуропа мен әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен болатын. Олар осы топтың фавориті екені анық. Сонымен қатар, әзірбайжандықтар өз алаңында ойнайды және олардың құрамында бразилиялықтардың аз емес екені де белгілі.
С тобы (қабылдайтын ел: Украина)
8 сәуір
Хорватия – Черногория
Украина – Бельгия
9 сәуір
Бельгия – Хорватия
Украина – Черногория
11 сәуір
Черногория – Бельгия
Хорватия – Украина
Жеребеге сәйкес Уркаина мен Бельгия осымен үшінші рет қатарынан бір топқа түсіп отыр. 2015 жылы Украина Еуропа және әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгияға қарсы ойнауына тура келді. Соңғы жылдары украиналықтар тек Венгриямен ғана жиі кездескен.
D тобы (қабылдайтын ел: Румыния)
8 сәуір
Португалия – Латвия
Румыния – Финляндия
9 сәуір
Финляндия – Португалия
Румыния – Латвия
11 сәуір
Латвия – Финляндия
Португалия – Румыния
Португалия құрамасы еуропалық футзалдағы беделді құрамалардың бірі ретінде қарастырылады. Ал Рикардиньо ойнайтын команда бірден фавориттер қатарынан табылады. Португалиялықтар топтан бірінші орынмен шығуы керек. Ал Латвия, Финлияндия мен Румыния еуропалық бразилиялықтардың артынан кімнің жорыққа аттанатынын өзара шешетін болады.
E тобы (қабылдайтын ел: Польша)
8 сәуір
Испания – Молдова
Польша – Сербия
9 сәуір
Сербия – Испания
Польша – Молдова
11 сәуір
Молдова – Сербия
Испания – Польша
Еуропаның жеті дүркін чемпиондары қарсыластарын шабуылмен жайпап кетуге дайын отырғаны анық. Бірінші орынға қалған командалар үміттенбесе де болады. Польша өз алаңында басымдыққа ие болуы мүмкін, ал Сербия тәжірейбе мен ойыншыларының деңгейіне үміт артады, Молдова болса бұл жерде анық аутсайдердің рөлінде қалмақ.
F тобы (қабылдайтын ел: Қазақстан)
8 сәуір
Чехия 15:30 Дания
Қазақстан 18:00 Македония
9 сәуір
Македония 15:30 Чехия
Қазақстан 18:00 Дания
11 сәуір
Дания 17:00 Македония
Чехия 19:30 Қазақстан
Македония мен Дания құрамаларына қарсы біз ойнап көрмедік. Бірақ Чехиямен екі мәрте кездесу өткіздік. 2007 жылы Қазақстан 4:6 есебімен ұтылып қалса, кейінен Какау шәкірттері оларды сырт алаңда 3:5 есебімен жеңіп кетті.
G тобы (қабылдайтын ел: Түркия)
8 сәуір
Түркия – Словакия
Ресей – Франция
9 сәуір
Түркия – Франция
Словакия – Ресей
11 сәуір
Франция – Словакия
Ресей – Түркия
Ресей құрамасы өз тарихындағы оныншы іріктеу кезеңіне қатысады. Бұл турнирде алғаш рет 1996 жылы ойнаған болатын. Содан бері 27 іріктеу ойынын өткізді. Олардың бірінде де Ресей құрамасы ұпай жоғалтпады. Соңғы үш Еуропа чемпионатында (2012, 2014 және 2016) ресейліктер күміс жүлдені еншіледі. Колумбиядағы әлем чемпионатында да осы нәтижені қайталағаннан кейін УЕФА рейтингісінде көш бастады. Түркия, Франция және Словакия құрамаларының бірінші орынға мүмкіндігі жоқ десек те болады.
*Жеті топтың жеңімпаздары Словенияға қосылып, финалдық кезеңге шығады. Екінші орын алған жеті команда және үшінші орын алған құрамалардың ішіндегі ең үздігі төрт жолдама үшін 2017 жылдың 10-13 және 24-27 қыркүйегінде таласқа түседі. Финалдық кезеңде 12 команда күш сынасады. Финалдық кезең 2018 жылдың 30-шы қаңтары мен 10-шы ақпаны аралығында өтеді.