УЕФА Кубогы алдағы уақытта футзалдан Чемпиондар лигасы деп аталады
УЕФА атқарушы комитеті футзалға қатысты бірнеше маңызды шешімдерді қабылдады.
1. 2018/19 жылғы маусымнан бастап УЕФА Кубогы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы деп аталады.
2. 2019 жылдан бастап әйелдер мен 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футзалдан Еуропа чемпионаты ойнатылады.
3. 2022 жылдан бастап футзалд ЕУРО 16 құраманың қатысуымен төрт жылда бір рет ұйымдастырылып тұрады (қазір 12 құрамадан жылына екі рет).
Естеріңізге сала кетсек, биылғы маусымда «Қайрат» АФК УЕФА Кубогының Төрттік финалында ойнайды. Жартылай финалда алматылықтар «Интер Мовистар» клубымен кездеседі. «Қайрат» бұған дейін бұл турнирді екі рет жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или