Қазақстан құрамасы «Қайраттан» басым түсті

Қазақстан құрамасы «Қайраттан» басым түсті

1 сәуірде «Зенит» спорт кешенінде «Қайрат» пен Қазақстан құрамасы арасында жолдастық матч өтті.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы алматылық клубты 4:2 есебімен жеңді.

Матч барысында Дуглас Жуниор Да Силва Негрейрос дубль жасаса, Михаил Першин мен Дінмұхамбет Сүлейменов бір голдан соқты. Ал «Қайрат» сапынан Пауло Энрике Кабреува мен Диего Ронкальо қанжығаларын майлады.

Айта кетейік, «Қайрат» АФК 28-30 сәуір арасында өтетін УЕФА Кубогының Төрттік финалына дайындалып жатыр. Ал Қазақстан құрамасы 8-11 сәуірде 2018 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін матчтар өткізеді. Кездесулердің бәрі де «Алматы Аренада» ойналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или