Футзал. Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі жарияланды
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Жозе Алесио Да Силва 2018 жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын жігіттердің тізімін жариялады.

Ереже бойынша іріктеу кезеңіне 14 ойыншы қатысу керек. Іріктеу кезеңіне жалпы саны 28 команда қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы 6-топта Чехия, Македония және Дания құрамаларымен Алматыда сынға түседі. Әр топтан жеңіске жеткен құрама бірден Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алады.
Іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы:
Қақпашылар: Григорий Шамро («Ақтөбе»), Игита («Қайрат»);
Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Дуглас (бәрі - «Қайрат»), Антон Рындин, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - «Аят»), Альберт Ақбалықов, Қайрат Иманалин (екеуі де - «Ақтөбе»), Арнольд Кнауб, Дәурен Тұрсағұлов, Александр Довгань, Біржан Оразов (бәрі - «Жетісу»), Лео («Спортинг», Португалия)

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне 12 команда қатысады. 2018 жылғы Словениядағы Еуропа чемпионаты 30 қаңтар - 10 ақпан аралығында Люблян қаласында болады. Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы іріктеу кезеңі 8-11 сәуір күндері «Алматы Аренада» өтеді.