УЕФА кубогының атауы Чемпиондар лигасына өзгертілеуі мүмкін

УЕФА кубогының атауы Чемпиондар лигасына өзгертілеуі мүмкін

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде футзалдан УЕФА комитетінің кезекті отырысы өтті.   

Отырыс барысында УЕФА атқарушы комитеті бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды: 

1 - 2018-ші жылдан бастап Еуропа чемпионатын әр төрт жыл сайын ұйымдастыру және жарысқа қатысушылар санын 16-ға дейін көбейту. 

2 - УЕФА кубогының атауын Чемпиондар лигасына өзгертіп, үздік Еуропаның төрт чемпионатынан бір емес, екі команданы шығару. Сондай-ақ, турнирдің форматын өзгертіп, Элиталық кезеңге автоматты түрде өтуді алып тастау.  

3 - Әйелдер мен жасөспірімдер арасында 2019-шы жылдан бастап Еуропа чемпионатын өткізу. 

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» футзал клубы алдағы уақытта УЕФА кубогының Төрттік финалында бақ сынайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или