«Қайрат» «Тюменьді» ұтты
«Қайрат» спорт кешенінде алматылық «Қайрат» пен ресейлік «Тюмень» клубтары арасында жолдастық кездесу өтті.
Ойынның бірінші таймында қос команда гол соға алмады. Ал екінші тайм басында Золтан Дрот ауттан қосылған допты голға айналдырды. Алайда, қонақтар уақыт оздырмай есепті теңестіріп кетті. Гол соққан Давид Асланян болатын. Одан кейінгі уақытта тек «Қайрат» ойыншылары гол соқты. Алдымен Диваней командасын алға шығарған. Сүлейменов та өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Кездесудегі соңғы голды Дуглас өз атына жазды.
«Қайрат» 4:1 «Тюмень»<br />Голдар: Дрот 22, Диваней 32, Сүлейменов 38, Дуглас 39 – Асланян 28
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или