Қайрат Оразбеков: Жанкүйерлерімізді жерге қаратпауға тырысамыз
Алматылық «Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков prosports.kz сайтына берген сұхбатында футзалдан УЕФА кубогы Төрттік финалының жеребесін қорытындылады.
- Жартылай финалдағы қарсыластарыңызды білген кезде қандай сезімде болдыңыз?
- Біз бір жағынан «Газпром-Югра» командасымен кездескіміз келді. Себебі, былтыр дәл осы команда бізді финалға жібермей қойған болатын. Бірақ бізге жартылай финалда «Интер Мовистар» командасымен кездесу бұйырып тұр екен. Өздеріңіз білетіндей «Қайрат» жартылай финалда мықты қарсыласпен кездескен кездерінде де, финалда жолы болып жүрді. Сол дәстүрден жаңылмай, жанкүйерлерге жақсы ойын көрсетеміз деген ойдамын.
- «Қайрат» үшін финалдың Алматыда өтуі қаншалықты маңызды?
- Бұл қаламыз үшін ерекше оқиға, кезекті халықаралық спорттық форум. «Алматы Аренада» әлемдегі үздік футзал көрсетіп жүрген командалар ойнайды. Жанкүйерлерімізден «Алматы Аренаға» келіп қолдау көрсетулерін сұраймыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Біз сіздердің сенімдеріңізден шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз!

Жеребенің қорытындысы:
28 сәуір
«Газпром-Югра» - «Спортинг» 18:00
«Интер Мовистар» - «Қайрат» 20:30
30 сәуір
Үшінші орын үшін ойын - 17:00
Финал - 19:30