«Қайрат» уақытынан бұрын Қазақстан чемпионы атанды
«Қайрат» Алматы футзал клубы 15-ші турда «Жетісудан» басым түсіп, уақытынан бұрын чемпион атанды.
Еременко кубогындағы жеңісінен кейін Какаудың командасы эмоцияналды шаршаңқы болды. Команда бапкері Диваней, Игор, Алешандре, Дрот және Ронкальоға (ертең ойнауы мүмкін) демалыс берді. Алматылықтар үшін мықты қарсыластың бірі - «Жетісу» бірден «Қайратқа» барынша мұқият ойнауы керектігін түсіндіргендей болды.
Ойын ұзақ уақыт бойы тең дәрежеде өтті. Дегенмен, алматылықтардың деңгейі ойынға әсер етті. Кабреуваның шеберлігінің арқасында Гуровтың қақпасында доп тулады. Бір минуттан кейін Тайеби есепті еселеді. Екі голдан кейін «Қайрат» үзіліске дейін бірқалыпты ойнады. Екінші таймда «Жетісу» тәуекелге барды және алматылықтар бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Ирандық Тайеби дубль жасады. Талдықорғандықтар есеп айырмасын қысқарта алды. Жульерме қарсылас қорғанысының қателігін пайдаланып, гол соқты.
Нәтижесінде, Еременко кубогындағы жеңісінен кейін қоржынына тағы бір титул салды.
Ертең «Жетісу» мен «Қайрат» арасындағы ойын өтеді. Матч «Қайрат» спорт кешенінде сағат 17:00-де басталады.
«Жетісу» 1-3 «Қайрат»
«Жетісу»: Гуров, Лео, Пенгрин (к), Жульерме, Ералы, Тұрсағұлов, Смақов, Оразов, Дентиньо, Парух, Мун, Педро
«Қайрат»: Игита, Умешев, Янов, Дуглас, Эвертон, Кабреува, Тайеби, Дуглас Нуньес, Есенаманов, Сүлейменов, Першин, Жаманқұлов
Голдар: Жульерме 40 – Кабреува 12, Тайеби 13, 36
1 наурыз, Алматы, «Қайрат» СК
Фото Олег Спивактікі