Какау: «Біз ойынның қиын боларын білдік»

Какау: «Біз ойынның қиын боларын білдік»

«Қайрат» клубының бас бапкері Еременко кубогының финалы жайлы.

- Біз ойынның қаншалықты қиын боларын білдік. Бізге құрамында Жоан және Лео Сантана сияқты ойыншылары бар қауқарлы команда қарсы тұрды. Бізді бес ойыншымен ойнатпау үшін ерекше тәсіл ойлап тапқан «Сибиряк» командасының бас бапкеріне жеке алғыс айтамын. Дегенмен, соңғы секундтарға дейін тартыс болғанымен біз діттіеген мақсатымызға жете алдық. Ұйымдастырушылар алқасына осындай керемет турнир үшін алғыс айтамын.

Естеріңізге салсақ, «Қайрат» Еременко кубогының финалында «Сибиряк» командасын 4:3 есебімен ұтып осы турнирдің үш дүркін жеңімпазы атанды.

«Қайрат» ойыншылары Дуглас пен Диваней жеке марапатқа ие болды.

Кездесуден фотобаянды мына жерден көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или