«Қайрат» Еременко кубогының үш дүркін жеңімпазы атанды

«Қайрат» Еременко кубогының үш дүркін жеңімпазы атанды

Еременко кубогына жыл өткен сайын қызығушылық артып, маңыздылығы жоғарылай түсуде. Бұл туралы финал алдында «Қайрат» бапкері Какау да тілге тиек еткен. Финалдық ойынды футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің келіп тамашалауы бұл сөзімізге тағы бір дәлел.

«Қайрат» командасы финалға анау айтқандай қиындықсыз жетті. Финалға дейінгі өткізген үш ойында қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, айқын жеңіске жеткен. Ал «Сибиряк» командасы жайлы бұлай айта алмайсың. Дегенмен өздері аталмыш турнирге алғаш қатысып отырғандарына қарамастан осы турнирдің фавориттеріні бірі «Дина» командасын жеңіп көзге түсті.

Сондай-ақ, финалдық кездесуде Жоан мен Лео Сантанаға ерекше көңіл бөлінген. Олардың бұрынғы клубына қарсы қандай қауқар таныта алатыны көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны анық.

Ойынның алғашқы минутынан «Қайрат» бапкері Какау осы турнирде мергендігімен көзге түспесе де өзінің алаңдағы пайдалы әрекеттерімен ерекшеленген орталық шабуылшы Дуглас Нуньесқа мүмкіндік берді. Дуглас Нуньес та берілген мүмкіндікті бос жібермей кездесудегі алғашқы голды соқты. Одан кейінгі кезекті Дуглас Жуниор сұраған. Ол өзінің жойқын соққысымен есепті еселеді.

Ойынның дәл осылай басталуы «Қайрат» жанкүйерлеріне көтеріңкі көңіл сыйлағаны анық. Алайда уақыт өте «Сибиряк» командасының ойыншылары Игита қорғаған қақпа маңын торыуылдай бастады. Қазақстан құрамасының қақпашысы өз иелігін бірнеше қауіпті соққылардан аман алып қалғанымен Жоан берген пастан кейін доп өзге бір ойыншыға тиіп қақпа торында тулады. Бұл жерде расымен Игитаның өзі де қауқарсыз еді.

Кездесудің екінші таймын «Сибиряк» командасы өте ширақ бастады. Еңбектерінің жемісі ретінде олар «Қайрат» қақпасына пенальти соғу мүмкіндігіне ие болды. Сими Сайотти дәлдігінің арқасында таблодағы есеп теңесті.

Осы голдан кейін «Қайрат» ойыншылары ойынды өз қолдарына алғанымен діттеген мақсаттарына жете алмай жатты. Керсінше, «Сибиряк» командасы қарымта шабуылды ссәтті пайдаланып есепте алға шығып кетті.

Алайда, «Қайрат» ұтылу жайлы мүлдем ойламайтындарын алаңдағы ойыны арқылы көрсетті. Айналдырған екі минуттың ішінде екі гол соғып кездесуде қайтадан алға шықты. Енді қимылдамаса кеш қалатындарын түсінген «Сибиряк» алаңға бесінші ойыншыны шығарғанымен дегендеріне жете алмады. «Қайрат» қорғанысы жинақылық танытып өздеріне қол болатын нәтижені сақтап қалды. Бұл жеңіс алматылық командағы осы турнирдің үш дүркін жеңімпазы деген атақ алып келді.

Еременко кубогы 2016/17. Финал
«Сибиряк» 3:4 «Қайрат»
«Сибиряк»: Формин, Балашов, Лео Сантана, Сими Сайотти, Кудзиев, Жоан, Шамсутдинов, Главатских, Нугуманов, Талес, Чухрий, Плахов , Волынюк, Покотыло
«Қайрат»: Игита, Ронкальо, Дуглас, Игор, Сулейменов, Першин, Есенаманов, Тайеби, Дрот, Эвертон, Кабреува, Дуглас Нуньес, Диваней, Алешандре
Голдар: Жоан 19, Сими Сайотти 27, Волынюк 39 – Дуглас Нуньес 7, Дуглас 8, Диваней 43, Першин 45

 

Еременко Кубогы 2016/17. Қортынды
1 орын – «Қайрат» (Қазақстан)
2 орын – «Сибиряк» (Ресей)
3 орын – КПРФ (Ресей)
4 орын – «Дина» (Ресей)
5 орын – «Никарс» (Латвия)
6 орын – «Столица» (Беларусь)
Номинациялар
Үздік қақпашы – Дмитрий Бондарев (КПРФ)
Үздік қорғаушы – Лео Сантана («Сибиряк»)
Үздік шабуылшы – Диваней («Қайрат»)
Үздік сұрмерген – Талес, 5 гол («Сибиряк»)
Үздік ойыншы – Дуглас («Қайрат»)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или