Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды
Astana Pro Team командасының ресми «твиттері» хабарлағандай, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы шосседегі командалық жарыста жеңімпаз атанды.
Құрама атынан «Астананың» велошабандоздары сынға түскен. Турнир Бахрейнде 25-ші ақпан күні басталды. Құрамында Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Бақтияр Қожатаев, Андрей Зейц және Жандос Бижігітов сынды спортшылары бар команда алтын медальды жеңіп алды. Екінші орынды Жапония алса, үшінші орынға Гонконг тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или