«Қайрат» - Еременко кубогы-2017 финалында! +Видео

«Қайрат» - Еременко кубогы-2017 финалында! +Видео

Алматылық клуб Ресей чемпионы - КПРФ-ті жеңді.

Алғашқы жартылай финалдық жұпта, «Дина» мен «Сибиряк» арасындағы мачтағы сенсациядан кейін КПРФ ойыншылары «Қайраттың» фаворит екеніне қарамастан ұтуға болатынына сенген секілді.

Алматылықтар үшін кездесу оңай басталды. Команда алаңда жақсы қозғалды, гол соғатын мүмкіндіктер тудырды. Ал, қарсылас команда қарапайым жағдайларда қателікке бой алдырды. Ойындағы есепті қарсыласты алдап өтіп, сол аяғымен соққы бағыттаған Игор ашты. 

Дегенмен, одан кейін ойын әр минут сайын теңесе бастады. Сонымен қатар, Какау Игитаны Ронкальоға алмастырған болатын. Екінші қақпашы «Динаға» қарсы ойында өзін жақсы жағынан көрсеткен еді. Бірақ, оның ойынға араласуы Гончаровтың соққысымен аяқталды. КПРФ есепті теңестіргеннен кейін белсенділік танытып, үзіліске жеңілмей кететін секілді болған. Бірақ, ойынға Дуглас араласты. Қазақстан құрамасының қорғаушысы тоғыздықты дәл көздеді. Нәтижесінде, «Қайрат» үзіліске дейінгі сәтсіздікті осы голмен жуып кетті.

Үзілістен кейін ойын күреске толы болып, көп мүмкіндік туындамады. «Қайрат» басымдықты сақтап қалуға тырысып, тәуекелге баруды жөн көрмеді. Ал, КПРФ ойын соңында бесінші алаң ойыншысын шығаруға мәжбүр болды.  Бірақ, сол мезетте «Қайрат» қақпашының жоқ болғанын пайдаланып, қарсылас қақпасында доп тулатты.  

«Қайрат» өз тарихында үшінші рет Еременко кубогының финалына шығып отыр. Команда финалда «Сибирякпен» кездесу өткізеді.

Еременко кубогы 2016/17. 1/2 финал

КПРФ 1:3 «Қайрат»

КПРФ: Беспалый, Бондарев, Лин, Бикбулатов, Адри, Паулиньо, Курбанов, Денисов,  Кручинин, Коробейников, Савостьянов, Гончаров, Мухутдинов, Пула

«Қайрат»:  Игита, Ронкальо, Дуглас,  Игор, Сүлейменов, Першин, Есенаманов, Тайеби, Дрот, Эвертон, Кабреува, Дуглас Нуньес, Диваней, Алешандре

Голдар: Гончаров 17 - Игор 5, Дуглас 25, Диваней 48

24 ақпан, Климовск, УСЦ «Юность»

«Қайрат» - «Сибиряк» арасында өтетін Ерменко кубогының финалы ертең Астана уақытымен сағат 22:30-да басталады. Тікелей трансляция біздің сайтқа қойылады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или