«Сибиряк» Еременко кубогының алғашқы финалисі атанды
Новосибирьлік клуб жартылай финалда «Дина» командасын жеңді.
Кездесу «Сибиряк» командасының ойыншысы Сими Сайоттидің голымен бастау алды. Араға төрт минут салып «Дина» командасы есепті теңестірген. Гол соққан Янар Асадов. Алайда «Сибиряк» бірінші таймда «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Жоан мен Максим Волынюк соққан голдардың арқасында екі доп айырмашылығымен алға шығып кетті.
Ойынның екінші таймында «Дина» командасы таблодағы есепті қысқартқанымен, тең есепке қол жеткізе алмады.
Осылайша, «Сибиряк» командасы биылғы Еременко кубогының алғашқы финалға шыққан командасы атанды. Оның финалдағы қарсыласы КПРФ мен «Қайрат» арасындағы кездесуден соң белгілі болады.
Еременко кубогы 2016/17. 1/2 финал
«Сибиряк» - «Дина» 3:2 (3:1)
Голдар: Сайотти 1, Жоан 9, Волынюк 14 – Асадов 5, Ниязов 38 (10 м)
«Сибиряк»: Формин, Балашов, Аманбаев, Лео Сантана, Кудзиев, Жоан, Шамсутдинов, Главатских, Нугуманов, Талес, Миннигалеев, Комаров, Чухрий, Плахов
«Дина»: Зуев, Иваняк, Цайдер, Разоренов, Асадов, Багиров, Заболонков, Крутый, Кутузов, Ниязов, Понкратов, Прудников, Хамадиев, Чистополов, Абрамов, Эскердинья