Еременко кубогының алғашқы кездесуінде «Қайрат» «Динадан» басым түсті

Еременко кубогының алғашқы кездесуінде «Қайрат» «Динадан» басым түсті

 

2016/17 жылғы Еременко кубогының аясында алматылық «Қайрат» ресейлік «Дина» командасымен күш сынады.

«Қайрат» клубы төртінші Еременко кубогының қазіргі жеңімпазы мәртебесінде өнер көрсетті.

«Дина» командасымен ойын «Қайрат» үшін таңсық емес. 2014/15-ші маусымдағы "Төртеудің финалында" «Кайрат» дәл осы «Динаны» ұтып, финалға шыққан болатын. 7:4 есебі тіркелген ойындағы Леоның покерін жанкүйерлер әлі ұмыта қоймаған болар. Бүгін де қазақ футзалының көшбасшысы «Қайрат» екі жыл бұрынғыдай әдемі ойын көрсетіп, жеңіске жетті.

Ресейлік және қазақстандық ұжымдар сапында бірқатар ойыншылар өнер көрсете алмады. Алаң қожайындары «Дина» клубының Чистополов және Прудников сынды көшбасшылары ойнамады.

«Қайрат» Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов және Нето сынды ойыншыларынсыз өнер көрсетуге мәжбүр болды. Айта кететін жайт, «Қайрат» бұл ойынға Нетоның бейнеленген жейдесінде өнер көрсетті. Таң қалдыратыны Игитаның орнына оның бразилиялық әріптесі Ронкальо шықты.

Төреші сықырығы естіле салысымен «Қайрат» бірден іске кірісті (төрешілер алқасына қазақстандық Талғат Қосмұхамбетов енді ). Диваней мен Алешандпре ойындағы алғашқы нық соққыларымен бастады. Сол алматылық клубтың 15-ші нөмірлі ойыншысы есепті ашты. «Дина» есін тез жинап, «Қайраттың» төрттігі ауысқанда есепті Заболонковтың көмегімен теңестірді. Кейін Ронкальо Хамадиевтің тоғыздыққа жұмсалған соққысын қайтарып, қақпасын аман алып қалды. Алайда, Диваней өзін тағы еске салып ойындағғы екінші голын соқты.

Екінші  бөлімде «Динаның» бапкері Бесик Зоизде қақпашысын алмастырды. Зуевтың орнына Иваняк шықты. Ал Какау ойыншы алмастырмады. Бірінші бөлімдегідей «Кайрат» үшін 3 минут сәтті болды. Алешандре бірге-бір шығып, қақпашының бойынан асыра салды. «Дина» күшін үдейте келе алматылықтардың қақпасында бірнеше қауіпті сәт тудырды. Қарымта шабуылдардың бірінде Арсен Багиров тәжірибелі Абрамовтың пасын қолданып есепті 3:2 қылды. Мәскеулік ұжымның есепті теңестіруге керемет мүмкіндігі болды. Он метрлік айып добы Ранкальо үшін жақсы тексеріс болды. Ранкальо Эскердиньоның соққысын қайтарып, жүктелген үмітті ақтады.  

«Қайрат» 40 минут ойыннан шаршаңқыраса да (айта кетйік,Ерменко кубогында бір тайм 25 минуттан ойналады) шабуылдауды ұмытпады. Сондай шабуылдардың бірінде Алешандру шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қақпашының қасында тұрып тағы сол асыра соғу әдісімен көзге түсті. Ойынның аяқталуына 4 минут қалғанда «Қайраттың» қақпасына 7 метрлік айып добы қойылды. Алайда, сол баяғы Эскердиньо тағы да мүлт кетті. Ал алматылық «Кайрат» бұл жарыстың жеңімпаз мәртебесін қорғау жолын сәтті бастады!  

 

2016/17 Еременко кубогы  А тобы, 1-ші тур. 

«Қайрат» 4:2 «Дина» 

«Қайрат»: Игита, Ронкальо, Дуглас, Игор, Сулейменов, Першин, Есенаманов, Тайеби, Дрот, Эвертон, Кабреува, Дуглас Нуньес, Диваней, Алешандре 

«Дина»: Зуев, Иваняк, Цайдер, Разоренов, Асадов, Багиров, Заболонков, Крутый, Кутузов, Ниязов, Понкратов, Хамадиев, Абрамов, Эскердинья 

Голдар: Диваней 3, 15, Алешандре 28, 41 – Заболонков 5, Багиров 36

 21 ақпан, Троицк,  «Квант» спорт 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или